Нью-Йоркте АҚШ-тағы Қазақстанның сауда-өнеркәсіптік палатасы өкілдігінің тұсаукесер рәсімі өткізілді

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте АҚШ-тағы Қазақстанның сауда-өнеркәсіптік палатасы өкілдігінің тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Нью-Йоркте АҚШ-тағы Қазақстанның сауда-өнеркәсіптік палатасы өкілдігінің тұсаукесер рәсімі өткізілді

Қазақстан Республикасымен іскерлік байланыстарды дамытудың қажеттілігін терең түсінген американдық іскер топ өкілдері осы секілді құрылымның өзектілігі мен сұранысқа ие екендігін атап өтті.

Аталмыш іс-шара Қазақстанның 2010-2014 жылдарға үдемелі индустриялдық-инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламасына арналған жыл сайынғы 3-ші қазақстандық-американдық инвестициялық форумының қорытынды сатысы іспеттес болды.