15:21, 29 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Нью-Йоркте алапат өрт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктің Бронкс ауданындағы тұрғын үйді шарпыған өрт кем дегенде 12 адамның өмірін қиды, арасында балалар да бар.

Euronews-тің хабарлауынша, төрт адам ауыр халде жатыр, тағы 12 адам жарақаттанған.
Өрт жергілікті уақытпен кешкі жетілер шамасында үйдің бірінші қабатында тұтанып, көзді ашып-жұмғанша бүкіл ғимарат жалын құшағында қалды.
Кейбір тұрғындар аулаға терезеден секіріп түсуге мәжбүр болған. Қазір Нью-Йорк көшелерінде ауа температурасы нөлден төмен, ал адамдар қолдарына ілінгенін киіп, тіпті аяқ киімсіз қашып шыққан.
Қазір өрт толықтай сөндірілді, оқыс оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.