18:07, 15 Қаңтар 2021 | GMT +6
Нью-Йоркте апатқа ұшыраған автобус эстакадаға ілініп қалды
НЬЮ-ЙОРК – Нью-Йорктегі Бронкста жалғаспа-автобус эстакададан ұшып кетіп, оның алдыңғы бөлігі жерде, артқы бөлігі эстакадада қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News-ке сілтеме жасап.
Шамамен 7-8 адам жарақат алған. Бәрінен қатты зардап шеккен – автобус жүргізушісі, оның жағдайы ауыр.
Жол апаты Кросс Бронкс және Юниверсити даңғылының қиылысында болған. Автобус магистральдағы қоршауды сындырып өткен. Жалғаспа-автобустың «гармошка» тұсы бөлініп, эстакаданың астынан өтетін асфальтқа дейін жеткен. Биліктің айтуынша, автобус құлаған биіктік 15 метрден асқан.