Нью-Йоркте Бас ассамблеясының 69-шы сессиясы ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Нью-Йоркте бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 69-шы сессиясы өз жұмысын бастайды.

Нью-Йоркте Бас ассамблеясының  69-шы сессиясы ашылады

Жыл сайынғы жалпы пікірталас 24 қыркүйекте басталып, 1 қазанға дейін созылады, деп хабарлады БҰҰ ақпараттық орталығынан.

Бас Ассамблеяда мінберде алғашқы болып Бразилия мен АҚШ президенттері сөз сөйлейді. Жалпы пікірталас басталмас бұрын БҰҰ Бас хатшысы БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге өзінің Ұйым туралы жыл сайынғы баяндамасын оқиды.