Нью-Йоркте белгісіз біреу мектеп маңында оқ атып, екі оқушы жараланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бруклинде (АҚШ) белгісіз біреу мектеп маңында оқ атып, екі оқушыны жарақаттады.
None
None

Қаруланған адам, бір топ адамға көздемей 4 рет оқ атқан. Салдарынан 17 жастағы Williamsburg High School оқушысы қолынан, ал 14 жастағы оқушы қыз аяғынан жараланды. Олар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады "Газета.Ru".

Күдікті ізін суытып үлгерді. Куәгерлердің болжауынша, оның жасы шамамен 18-де. Әзірге ол қолға түспеді.

Соңғы жаңалықтар