Нью-Йоркте биіктігі 8 қабатты үймен бірдей, әлемдегі ең ірі сандық билборд ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк тұрғындарына әлемдегі ең үлкен сандық билборд таныстырылды. Ол бүкіл әлемге өзінің жарқыраған жарнамалық тақталарымен танымал болған Таймс-сквері алаңында орнатылған.

Нью-Йоркте биіктігі 8 қабатты үймен бірдей, әлемдегі ең ірі сандық билборд ашылды

Көлемі футбол алаңындай болатын билборд экранында тау, құстар және зәулім ғимараттардың суреттері бар деректі ролик көрсетілді.

Келесі аптадан жарнама беріле бастайды. Ең бірінші болып көпшілік назарына Google компаниясының жарнамалары ұсынылады. Компания жарнамалық роликтерінің төрт апта бойы көрсетілуі үшін 2,5 млн. доллар төлеген.

Биіктігі сегіз қабатты үймен бірдей жарқыраған билбордтың ұзындығы тұтастай үй орамын алыып жатыр, деп хабарлады Би-би-си.