Нью-Йоркте болған теракт құрбандарының сүйектері мұражайға жеткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған лаңкестік әрекеттің құрбандарының сүйектері Нью-Йорктегі бұрын Бүкіләлемдік сауда үйінің қос мұнарасы тұрған жерге жеткізілді.

Нью-Йоркте болған теракт құрбандарының сүйектері мұражайға жеткізілді

Автокөліктер Ұлттық мемориалдық мұражайға жеткеннен кейін металл контейнерлердегі мәйіттер арнайы жер асты қоймасына орналастырылған.

Құрбан болғандардың туыстары бұл шешімге қарсылық білдіріп, мұражай алдына жиылды. Олар мәйіттер мұражайға немесе қала билігіне емес, өздеріне, яғни қаза болғандардың отбасыларына тиесілі деп санайды, деп хабарлады ВВС.