Нью-Йоркте Бруклин көпірінің бір бөлігі құлап, бес адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте Бруклин көпірінің астынан өтіп бара жатқан бес адам зардап шекті. Бұл туралы сәрсенбі күні жергілікті билік хабарлады.

Нью-Йоркте Бруклин көпірінің бір бөлігі құлап, бес адам зардап шекті

Көпір қабырғасынан опырылған кірпіштер өтіп бара жатқандардың төбелеріне түскен. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің өміріне төнген қауіп жоқ.

Нөсер жаңбырдан соң Нью-Йорктің Манхэттен ауданында кейбір көшелерді су басып, бірнеше сағат бойы жаяу жүргіншілер мен автокөліктер үшін жүру мүмкін болмады.