Нью-Йоркте бұғылардың өсіп-өнуін шектейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Нью-Йорк қаласының билігі Стейтен-Айленд ауданында бұғылардың өсіп-өнуі артуын тежейтін кешенді шараларды қолға алды. Бұл туралы қала мэрі Билл де Блазио мәлім етті, деп хабарлады Russia Today телеарнасы.

Нью-Йоркте бұғылардың өсіп-өнуін шектейді

Қазіргі кезде онда 763 бас бұғы бар. Олар ауру тудыратын кенені таратып, жергілікті тұрғындарға қауіп туғызады, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларына себепші болады.

«Табиғи ресурстарды сақтау, зарарсыздандыру жөніндегі бұл шара Стейтен-Айленд тұрғындарының қауіпсіздігі мен үйлесімін дамытудың жақсы жоспары, сондай-ақ ол бұғылардың өсіп-өнуі ұлғаюы мәселесін де қамтып отыр», - деген мэрдің мәлімдемесін келтіреді РИА Новости.

Сондай-ақ кешенді шараларды тұмса табиғатты сақтау саласындағы сарапшылар жасағаны атап өтілген, оның негізіне жергілікті тұрғындардың пікірі алынған.