Нью-Йоркте дәстүрлі қомағайлар жарысы өтті
НЬЮ-ЙОРК. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте дәстүрлі қомағайлар жарысы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ассошиейтед Пресс» агенттігіне сілтеме жасап.
Хот-дог жеу конкурсының жеңімпазы биыл да калифорниялық Джой Честнан атанды. Ол 10 минутта 68 хот-дог асап, рекорд орнатты және негізгі қарсыласы, жарыстың алты дүркін жеңімпазы жапондық Такеру Кобаясиден озды.
Джой мен Такерудің былтырғы жарысы тең есеппен аяқталып, олар 10 минутта 59 хот-догтан жеген болатын. Жеңімпазды анықтау үшін қосымша уақыт тағайындалып, сол кезде калифорниялық озған еді.