Нью-Йоркте Хэллоуинді мерекелеп жүрген 3 адам ажал құшты, 4-уі жараланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хэллоуинді атап өткен Нью-Йорк қаласының үш тұрғыны жол-көлік оқиғасынан опат болды, тағы төртеуі жарақат алған, деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс.

Нью-Йоркте Хэллоуинді мерекелеп жүрген 3 адам ажал құшты, 4-уі жараланды

Полицияның мәліметтерінше, оқиға сенбі күні Нью-Йорк уақытымен сағат 17:00 шамасында орын алған. 52 жастағы ер адам басқарып келе жатқан көлік жаяу жүргінші жолына шығып кетіп, онда маскарад костюмдерін киіп алған бір топ адамды басып кеткен. Мерт болғандар арасында 9 жасар қыз бала болған. Ауыр жарақаттар алған жүргізуші де зардап шеккен басқа адамдармен бірге ауруханаға жеткізілді.