Нью-Йоркте хот-дог жеуден болған жарыста жаңа рекордқа қол жеткізілді

None
None
АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Хот-дог жеу бойынша чемпион Джои Чеснат өз рекордын жаңартты. 10 минут ішінде ол арасына шұжық салынып дайындалған 68 хот-догты жеп қойған және бұл көрсеткіш 2011 жылғы рекордтан 6 хот-догқа көп.

Оның бас қарсыласы байқауда тек 52 хот-дог жеп үлгерген. Бұл туралы BAQ.kz жазады.

 lenta.ru ақпараты бойынша, хот-дог жеу бойынша алты мәрте чемпион атанған Сан-Хосе тұрғынының жасы 28-де. Бойы 180 сантиметр болатын оның салмағы 95,2 келі екен. Бақылаушылардың пікірінше, Чеснат ұзақ уақыттан бері оған жеңіс әкелетін ерекше тәсілді қолданады. Оның басты құпиясы - байқауға қатысушылар уақыт аяқталып қалған сәтте хот-догты баяу жесе, чемпион, керісінше, жылдам жей бастайды екен. Ал әйелдер арасында Вирджиния штатының Александрия қаласының 45 жастағы тұрғыны, өткен жылы да чемпион атанған «Қара жесір» деген лақап атпен белгілі Соня Томас жеңіске жетті. Ол 10 минутта өз жасына сәйкес келетіндей мөлшерде хот-дог жеп үлгеріпті. Томастың бойы 164 сантиметр болғанымен, салмағы небәрі 45,3 келі көрінеді.

Айта кетейік, АҚШ-тың Тәуелсіздік күнінде, 4 шілдеде, осымен 97 жыл бойы Нью-Йоркте хот-дог жеуден чемпионат ұйымдастырылады. Байқау жеңімпазына 10 мың доллар көлемінде сыйақы ұсынылса, екінші және үшінші орыннан көрінгендер сәйкесінше 5 мың және 2,5 мың доллардан алады.

Соңғы жаңалықтар
telegram