Нью-Йоркте қатты дауыл: 1500-ден астам рейс бөгелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың шығыс жағалауларындағы дауыл салдарынан Нью-Йорк әуежайларында рейстер жаппай бөгеліп жатыр, деп хабарлайды CBS News.

Нью-Йоркте қатты дауыл: 1500-ден астам рейс бөгелді

Агенттіктің мәліметтеріне қарағанда, ірі мегаполистің негізгі үш әуежайында жалпы 1500-ден астам рейс ұшырылмаған.

Қазіргі кезде әуежайлар ұшақтарды қабылдау және ұшыру үшін ашылды.

Нью-Йорк және Нью-Джерси порттар басқармасы таратқан мәліметтерге сәйкес, Ла-Гуардия әуежайында 729 рейс, Кеннеди әуежайында 547, ал Ньюарк Либертиде 509 бағдар кейінге қалдырылған.