Нью-Йоркте көлік қозғалысына салынған тыйым алынып тасталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың шығыс жағалауында түскен қалың қар тазалануда, миллиондаған америкалық қар басып қалған үйлерін аршып жатыр.
Би-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, жұма күні кештен бастап сенбі кешкілікке дейін қалың түскен қар Вашингтон, Нью-Йорк және басқа да қалаларда қозғалысты толық тоқтатып тастаған еді. Кей жерлерде қардың қалыңдығы екі метрге жетті.
Нью-Йоркте жексенбі таңертеңнен бастап көлік қозғалысына тыйым салынған. Таяу арада жергілікті билік қоғамдық көліктің ісін жандандырмақ.
Алайда ел астанасы Вашингтонда метро мен әуежайлар әлі де жабық тұр.
АҚШ-тың шығыс жағалауында мыңдаған әуе рейстері тоқтатылған. Көптеген әуе бағдарлары дүйсенбіге шейін болмайтыны хабарланған.