Нью-Йоркте көлік қозғалысына тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте көліктерге жолда, туннельде, көпірде жүруге тыйым салынды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Нью-Йоркте көлік қозғалысына тыйым салынды

Штат губернаторы Эндрю Куомо осылай мәлім еткен.

Жолға шығуға тек жедел жәрдем мен құтқарушылар көлігіне рұқсат беріледі.

Штаттың оңтүстігі мен Лонг-Айлендте де осындай шектеу салынды. Сондай-ақ тұрғындарға метро мен теміржол арқылы жүруге де болмайды. Бұған дейін қалада автобустар қозғалысы тоқтатылған еді.

Қала мэрі Билла де Блазионың айтуынша, осы талапты полиция бақылайды. Көшеде жүргендерге тәртіп сақшылары дереу үйіне қайтуын талап етеді. Егер талапты орындаудан бас тартқандар болса, олар қамауға алынады.

Болжам бойынша өңірге қалыңдығы 76 см қар жаууы керек.

Қазіргі уақытта жол полициясы 200 ЖКО тіркеген, олар 300 қарға батқан көлікті сүйреп шығаруға мәжбүр болған.

АҚШ-тың 10 штатында төтенше жағдай жарияланған.

Метеорологтар ауа райының нашарлауынан келетін шығын көлемі 1 млрд долларға жетуі мүмкін деп отыр.