Нью-Йоркте мұнай бағасы 70 доллардан асты
АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында қыркүйектің 15-індегі сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы әр бағытта өзгерді,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 0,09 долларға қымбаттап, 67,35 доллар/баррельді құраса, Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін - 2,07 долларға қымбаттап, 70,93 доллар/баррельді құрады.