Нью-Йоркте парад басталар алдында штат губернаторының көмекшісін атып өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк қаласындағы Бруклин ауданында Еңбек күніне арналған парад басталарда атыс болып, штат губернаторының 43 жастағы көмекшісі Эндрю Куомоның басынан оқ тиді. Шенеунік оқиға орнында қаза тапты. Бірнеше адам жараланды, деп хабарлады ТАСС.
Еңбек күніне арналған шеру АҚШ-та қыркүйектің алғашқы дүйсебісінде өтеді.Оған жыл сайын миллионнан астам адам қатысады. Дәл осы парадта қайғылы оқиғалар бірнеше рет қайталанған.
2014 жылы парад басталмас бұрын белгісіз біреу бір адамды атып өлтіріп, тағы екеуін жарақаттаған болатын. Фото: vesti.ru