Нью-Йоркте салынып жатқан Әлемдік сауда орталығы ең биік ғимарат атанды
АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - 2001 жылы қираған Әлемдік сауда орталығының аспанмен таласқан егіздер-мұнарасының орнында салынып жатқан «Бостандық мұнарасы» (Freedom Tower, сондай-ақ One World Trade Center атауымен танымал) Нью-Йорктің ең биік ғимараты атанды.
Reuters хабарлағандай, құрылғының биіктігі 387 метрді құрайды.
Осылайша жаңа аспанмен таласқан ғимарат Эмпайр-стейт-билдингтің қарау алаңынан 6 метрге биіктеді.
«Бостандық мұнарасының» құрылысы 2006 жылдың сәуір айында басталған болатын, ол 2013 жылдың аяғына дейін салынып бітеді деп жоспарлануда. Жобаға сәйкес, ғимараттың биіктігі антеннамен бірге алғанда 541 метрді құрайды.