Нью-Йоркте төрт қабатты ғимарат құлап қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктің Бруклин ауданында төрт қабатты ғимарат құлап қалды, деп хабарлайды РИА «Новости».
Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 14.30-да (21.30 мск) орын алған. Қазіргі кезде оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс жасауда. Апат кезінде ғимарат ішінде адамдардың болған-болмағаны әлі белгісіз. Апат себептері анықталып жатыр.