01:30, 04 Қазан 2015 | GMT +5
Нью-Йоркте тұрғын үйдегі жарылыстан 1 адам қаза тауып, 3 адам жараланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк қаласының Бруклин ауданында орналасқан 3 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйде газ жарылып, бір адам мерт болды, 3 адам жараланды, деп хабарлады «ТАСС» агенттігі.
Жарылыстан соң тұрғын үй өртене бастаған. Оған өрт сөндіру қызметінің 100 адамы тартылды. Жапа шеккендер ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндірушілер жарылыс болған үйде тағы да адамдар бар болуы мүмкін екенін айтады. Фото: nydailynews.com