00:29, 11 Наурыз 2016 | GMT +5
Нью-Йоркте Ұшақ қону кезінде ұшу-қону жолағын бүлдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк қаласындағы Ла Гуардиа әуежайында қонып жатқан ұшақ жолақты бүлдірді, деп хабарлайды NBC телеарнасы.

Ұшу-қону жолағының бүлінгенін ұшуға дайындалып отырған әуе кемелердің бірінің ұшқышы байқады. Ол лайнердің оң жағында ұшу-қону жолағының бірнеше бетон сынықтары бар екенін хабарлаған.
Бүлінген жолақ жөндеу үшін бір сағатқа жабылды. Ұшақтың қонуы кезінде пайда болған шұңқырдың ұзындығы екі метрге жуық болған.
Оқиға салдарынан әуежайда бір ғана ұшу-қону жолағы жұмыс істеп тұрды. Сөйтіп көптеген рейстер бір сағатқа дейінгі уақытқа кешіктірілді.