08:21, 16 Қаңтар 2009 | GMT +5
Нью-Йоркте ұшақ құлады
None
НЬЮ-ЙОРК. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат ? АҚШ-тың Нью-Йорк штатында Гудзон өзеніне А320 ұшағы құлады. Оқиға орнында қазір құтқарушылар жұмыс істеуде. US Airways авиакомпаниясының ұшағы иллюминатор деңгейіне дейін суға батып кеткен. Көптеген жолаушылар салоннан аман-есен шығып, жағалауға өздері жүзіп жетіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Алдын-ала мәліметтер бойынша, ұшақ бортында 150-дей адам болған. Құрбан болғандардың нақты саны туралы әзірге ешқандай мәлімет жоқ. Оқиғаға не себеп болғаны туралы да ештеңе айтылмай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN телеарнасы деректерінің сілтемесіне сәйкес.