Нью-Йоркте WTI мұнайының бағасы бір баррель үшін $49,21 дейін көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - WTI мұнайы Нью-Йорк биржасында сәрсенбі күні $1,7 (өсім 3,58%) қымбаттады. Фьючерс келісімшарттары мамыр айында бір баррель үшін $49,21 бағасымен келісілген, деп хабарлады ТАСС.
Континентаралық Лондон биржасында Brent қоспасын жеткізу бойынша фьючерс келісімдерінің мамыр айындағы келісімшарттардың бағасы $1,37 өсіп, бір баррель құны $56,48 дейін жетті.
Сарапшылар мұны доллардың құнсыздануымен түсіндірді.
Сондай-ақ, мұнайдың қымбаттауына, мамандардың пікірінше, бұрғылау мен АҚШ мұнай өндірісіне құйылатын инвестиция көлемінің қысқаруы, Йемендегі жағдайдың ушығуы АҚШ-та автомобиль қозғалысының көбейіп, сәйкесінше жанар-жағар майға деген сұраныстың артуы да әсер етті.