Нью-Йоркте жекеменшік үй рекордтық баға - 147 млн. долларға сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк маңында Лонг-Айленд аралындағы жекеменшік үй жылжымайтын мүлік нарығында рекордтық баға - 147 млн. АҚШ долларына сатылды.
Бұл туралы америкалық БАҚ хабарлады.
Ист-Хэмптон курорттық аумақта орналасқан жекеменшік үй бақ, тоғандарымен қоса алғанда, 7, 3 гектар учаскемен бірге сатылды.
Үйдің жаңа қожайыны - JANA Partners хедж-қорының басшысы Барри Розенстин.
Розенстиннің бұл саудасы екі апта бұрын белгіленген рекордты басып озды. Онда Коннектикут штаты, Гринвич қаласында Copper Beech Farm аталатын зәулім үй 120 млн. долларға сатылған болатын.