Нью-Йоркте жойқын жарылыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының Квинс ауданында электр стансасының трансформаторы жарылды, деп хабарлайды abc7NY.
Оқыс оқиға бүгін түнде Astoria East and North Queens Con Ed зауытында болған.
Жарылыстың қуаттылығы соншалық, түнгі Нью-Йорк аспаны ашық көгілдір түске боянып, жарқылдаған от бірнеше шақырымнан көрініп тұрды.
Әзірге бұл оқыс оқиға жайлы нақты деректер айтылмай отыр.
Фото: danknewyorkstore, Instagram