Нью-Йорктегі атыс: 6 адам мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк қаласында жүк көлігі бір топ жаяу жүргіншілерді басып кетіп, артынан оқ жаудырған. Нәтижесінде 6 адам мерт болып, 15 адам жарақаттанды, деп хабарлайды АВС арнасы.
Төтенше оқиға Нью-Йорктің мектептерінің бірінің маңында болды. Жүк көлігін мінген ер адам, жаяу жүргіншілерді басып өтіп, сосын көліктен оқ атқан.
Қала полициясының өкілі бұл оқыс оқиғаны растады. Кейін желілерді оқиға орнынан түсірілген суреттер жарияланды.
Алдан ала мәліметтерге қарағанда, адамдарға шабуыл жасаған жүк көлігінің жүргізушісі ұсталған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
BREAKING UPDATE: MAN IN PICKUP TRUCK MOWED DOWN MULTIPLE PEOPLE IN THE BIKE LANE OF WEST SIDE HWY, GOT OUT AND STARTED SHOOTING. pic.twitter.com/xFFAUGceuq
— Breaking News Alert (@PzFeed) 31 октября 2017 г.