Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Нью-Йорктегі ғимарат шатырында 20 жыл тұрған Ленин ескерткіші алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Манхэттеннің Ист-Виллидж ауданындағы тұрғын үй ғимараты шатырында 20 жыл тұрған Ленин ескерткіші төменге түсірілді.

Нью-Йорктегі ғимарат шатырында 20 жыл тұрған Ленин ескерткіші алынды

Оның нақты себебі жарияланған жоқ, алайда БАҚ ғимаратты Dermot Company компаниясының 100 миллион долларға сатып алғанын хабарлаған болатын.

 Мүсінді кранның көмегімен түсіріп, жүк автокөлігімен алып кетті. Оның ары қарайғы тағдыры белгісіз, кейбір блогерлер мен жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша,  Ленин мүсінін тазалап, қалпына келтіріп, қайтадан орнына қоюы мүмкін. 

Фото: © Flickr/ Antonio Bonanno