Нью-Йорктегі марафонда кениялықтардың жұлдызы жанды

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте жеңіл атлетикадан жыл сайын өтетін марафон ұйымдастырылды.

Нью-Йорктегі марафонда кениялықтардың жұлдызы жанды

Сан мың атам қатысқан бәсекеде әйелдер арасында Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері кениялық Приска Джепту жеңімпаз атанды.Ал ерлер арасында қатарынан екінші рет кениялық Джеффи Мутаи топ жарды.

«Вести» хабарлағандай, арбаға таңылған мүгедектер арасында Санкт-Петерборлық Татьяна Макфадден жеңімпаз атанды.

Марафонның АҚШ-тың ірі қаласында өткізілуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Биліктегілер Бостондағыдай қайғылы оқиғаның қайталануына жол бермейтіндіктерін мәлімдеді.