Нью-Йорктегі Метрополитен-опера театрынан келушілер эвакуацияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз біреу онда ұнтақ тастап кеткен. Осыған байланысты театрға келішулер қауіпсіз аймаққа көшірілді, деп хабарлайды NBC.
Оқиға Джаккино Россинидің Вилгельм Телль операсы өтіп жатқан уақытта болған.
Театрға келушілердің барлығы сыртқа шығарылып, қойылым тоқтатылды.
Полиция күдіктіні іздестіріп жатыр.
Осыған дейін Лондонда қауіпті химикаттар тарап жатыр деген күдікпен әуежай тұрғындары эвакуацияланған болатын.