Нью-Йорктегі сауда-саттықта мұнайдың баррелі 59,96 долларға дейін арзандады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Техастың ашық түсті мұнайының шілдедегі жеткізілімінің құны жұма күні Нью-Йорктегі сауда-саттықта барреліне 0,81 долларға (1,33%) дейін арзандап, 59,96 долларға дейін төмендеді, деп хабарлады ТАСС.
Сарапшылардың айтуынша, «қара алтынның» бағасы арзандауына әлемдік нарықтарда мұнайдың көп болуы себеп болды. «Жаһандық жағдайды алғанда нарық мықтап әлсіреді, - деп санайды Флоридада орналасқан Energy Analytics Group талдау компаниясының директоры Том Финлон. - ОПЕК мүше-елдерінде мұнай өндіру олар уәде еткендей, жоғары деңгейде болып отыр. Сонымен бірге бізге АҚШ-та әлі де көп мұнайды сатуымыз қажет».