Нью-Йорктегі төтенше оқиға теракт ретінде тергеліп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте болған лаңкестік әрекеттен 8 адам мерт болып, 12 адам жарақат алды. АҚШ ішкі істер қауіпсіздігі министрлігі бұл оқиғаны террорлық акт деп жариялады, деп хабарлайды ТАСС.
Айта кетейік, біз бұған дейін Нью-Йорк қаласында жүк көлігі бір топ жаяу жүргіншілерді басып кетіп, артынан оқ жаудырғанын. Нәтижесінде 6 адам мерт болғанын хабарлаған болатынбыз .
Ресми мәліметтерге қарағанда, жүк көлігінің жүргізушісі велосипедшілер жолағына түсіп, жолдағылардың бәрін қасақана басқан. Күдікті қамауға алынды. Билік оның аты-жөні мен азаматтығы туралы ақпарат берген жоқ.
«Қазіргі уақытта болған төтенше оқиғадан 8 адам мерт болып, 12 адам жарақат алды», - деді мегаполис мэрі Билл де Блазио баспасөз мәслихатында.
Колумбияның федеральдық округінің полициясы қала тұрғындарына барынша абай болып, егер күдікті жайттарды байқаған кезде құқық қорғау органдарына хабар беруге кеңес берді.