22:35, 29 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Нью-Йорктегі жантүршігерлік өрт баланың плитамен ойнауынан шыққан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі соңғы 25 жылдың ішіндегі ең алапат, бірнеше адам өліміне ұшыратқан өрт баланың плитамен ойнауы салдарынан басталған, деп хабарлайды bbc.com .

«Қараусыз қалған үш жасар баланың ойыны жалынның тұтануына ұрындырды», - деп мәлім етті комиссар Даниэль Нигро.
Бүлдіршіннің анасы пәтерден қашып шыққан кезде есікті ашық қалдырған. Салдарынан лапылдаған жалын ғимаратқа тараған, деп түсіндірді ол.
Бұдан бұрын хабарланғандай , тілсіз жау кем дегенде 12 адамның өмірін қиды, олардың арасында балалар да бар.
Сондай-ақ төрт адам ауыр халде жатыр, тағы 12 адам жарақаттанған.