01:47, 13 Наурыз 2014 | GMT +5
Нью-Йорктегі жарылыс: 12 адам із-түссіз жоғалған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі үйде болған жарылыстан кейін 12 адам із-түссіз жоғалған.
Құтқарушылар қаладағы бес қабатты тұрғын үйде болған жарылыстан және осы үйдегі екі секцияның қирауынан кейін із-түссіз жоғалған 12 адамды іздестіруде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, апат салдарынан екі әйел ажал құшқан. Соңғы деректерге қарағанда, 20 дан астам адам жарақаттанған, олардың ішінде екеуінің жағдайы ауыр.