Нью-Йорктің миллионерлері байларға салықты көбейтуді сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктің 40 миллионері штаттың губернаторы Эндрю Куомоға бай азаматтарға салықты көбейту туралы өтініш білдірді.

Нью-Йорктің миллионерлері байларға салықты көбейтуді сұрады

Олардың пікірінше, балалар кедейшілігіне, үйсіз-күйсіз жүргендерге және жол инфроқұрылымын қалпына келтіруге осылайша қаржы табуға болады.

Петицияға қол қойғандардың арасында Стивен Рокфеллер және Уолт Диснейдің немересі, режиссер Эбигейл Дисней де бар, деп хабарлайды Associated Press.