Нью-Йорктың ең ірі әуежайында рейстерге шектеу қойылып жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайының диспетчерлері әуе айлағына келетін ұшақтарға шектеу қойып жатыр. Себебі 4 қаңтарда жауған қалың қардан әуежайдағы жұмыс тоқтап, жолаушылар мен ұшақтарға қызмет көрсету мүмкіндігі шектелген болатын, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Әуежайға келетін ресйстердің санын шектеу үшін Нью-Йорк және Нью-Джерси штаттарының әуе және теңіз порты басқармасы АҚШ Федералдық авиациялық басқармасымен бірлесе жұмыс істеуде. Бұл шара қажетті секциялар толық ашылғанша жалғасады», деп жазды Нью-Йорк штатының әкімшілігі өздерінің Twitter парақшасына.
АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметі хабарлағандай, әуежай аймағында ауа температурасы минус 13 градусқа дейін төмендеген. Сенбі күні әуежайда 78 рейс тоқтатылып, 375 рейс кейінге қалдырылды.