«Ньюкасл» футбол клубының жанкүйерлері Донецк маңындағы Boeing-777 апатында ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағылшындық «Ньюкасл» футбол клубының ресми сайты команданың екі жанкүйері Boeing-777 ұшағы апатында қаза тапқанын хабарлады.

 «Ньюкасл» футбол клубының жанкүйерлері Донецк маңындағы Boeing-777 апатында ажал құшты

«Қайғыра отырып хабарлаймыз, бүгін Джон Элдер мен Лиам Свинидің, командаға жанымен берілген екі жанкүйеріміздің Украина шығысында, бейсенбі күні болған малазиялық әуе компаниясының Boeing-777 ұшағының апатында қаза тапқанын естідік.

Джон мен Лиам Жаңа Зеландияға «Ньюкаслге» қолдау көрсету үшін аттанған еді, -делінген хабарламада.