12:17, 03 Тамыз 2015 | GMT +5
Надаль Гамбургтегі жеңісінен кейін теннис рейтингінде тоғызыншы орынға көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық Рафаэль Надаль Гамбургтегі турнирде титулды еншілегеннен кейін Кәсіби теннисшілер қауымдастығы рейтингінде тоғызыншы орынға жайғасты, деп хабарланды ұйымның ресми сайтында.

Надаль финалда итальяндық Фабио Фоньиниді 7:5, 7:5 есебімен ұтып, рейтингте бір сатыға көтерілді.
Көш бастап тұрған - сербиялық Новак Джокович, швейцариялық Роджер Федерер - екінші, британдық Энди Маррей - үшінші орында.
КТҚ рейтингі, 3 тамыздағы нұсқа:
1 (1). Новак Джокович (Сербия) - 13 845 ұпай,
2 (2). Роджер Федерер (Швейцария) - 9665,
3 (3). Энди Маррей (Ұлыбритания) - 7840,
4 (4). Станислас Вавринка (Швейцария) - 5790,
5 (5). Кэй Нисикори (Жапония) - 5525,
6 (6). Томаш Бердых (Чехия) - 5140,
7 (7). Давид Феррер (Испания) - 4325,
8 (9). Марин Чилич (Хорватия) - 3495,
9 (10). Рафаэль Надаль (Испания) - 3410,
10 (8). Милош Раонич (Канада) - 3400.