Надаль теннистен АҚШ Ашық чемпионатының ширек финалына өте алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль АҚШ Ашық чемпионатының (жалпы жүлде қоры - 46,3 миллион доллар) төртінші айналымында француз Люк Пуиден жеңіліп қалды.
24-нөмірлі француз әлемнің төртінші «ракеткасынан» 6:1, 2:6, 6:4, 3:6, 7:6 (8:6) есебімен басым түсті. Кездесу 4 сағат, 11 минутқа созылған.
Ширек финалда Пуидің қарсыласы өз отандасы - Гаэль Монфис (10) болмақ.
Надаль 2010 және 2013 жылдары турнир жеңімпазы атанған.
Теннистен АҚШ Ашық чемпионаты 11 қыркүйек күні аяқталады.