Нақты экономикалық сектормен байланысқан исламдық қаржыландырудың келешегі зор-Ахмад әл-Мадани

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Нақты экономикалық сектормен байланысқан исламдық қаржыландырудың келешегі зор.

Нақты экономикалық сектормен байланысқан исламдық  қаржыландырудың келешегі зор-Ахмад әл-Мадани

VI Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияның салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Ислам даму банкі тобының президенті Ахмад Мұхаммад Әли әл-Мадани осылай мәлім етті.

Сөз арасында банк басшысы жаһандық қаржы дағдарысына тоқтала келе, қазіргі таңда әлем қаржы және нақты экономикалық секторды бір-бірімен байланыстыратын тиімді жүйені іздеуді жалғастырып келетінін айтты.

«Бұл ретте ең алдымен нақты сектормен байланысы бар болғандықтан да, исламдық қаржыландыру басты екпінді өндірістік қызметтерді қаржыландыруға түсіріп, әлеуметтік емес жауапсыз әрекеттерден қашады. Бұл тұрғыда пайыздық мөлшерлемелер мен борыштарды қайта сатуларға тыйым салынады, әлеуметтік қауіпті келісімшарттарға жол берілмейді. Сондықтан да, бұл жүйеде әділдік пен транспаренттелік қамтамасыз етіледі. Ал осының өзі қаржы секторы мен нақты экономиканың тұрақтылығына көмек болып табылады», - деді Ахмад Әл-Мадани.