Нақты иесі жоқ жер жалға берілген пәтер сияқты, оған ешкім дұрыс қарамайды - Президент

Өз сөзінде Президент республикада ауыл шаруашылығы алқаптары көп болса да, дайын өнімнің аздығы жайында айта келе: «Сол себепті жерді жеке меншікке беру мәселесі көтерілген болатын. Жердің өнімділігін көтеру үшін ол жерде нақты иесі болуы қажет. Егер біз жерді жалға берсек, онда ол кәдімгідей пәтерді жалға берумен бірдей болады. Ондай пәтерде тұратын адамның ештеңеге құлқысы соқпайды. Дұрыс па? Жөндеу жұмыстарын да жасамайды. Ол ақшасын төлеп отыр. Болды. Ертең жалдамалы баспанасын тастап, басқасына көшіп кете салады. Жер де солай. Сондықтан түптің түбінде бізге осы мәселені шешу керек. Себебі ауыл шаруашылығының өрлеуі соған тікелей байланысты», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кетейік, бүгін республикалық арналарда көрсетілген бағдарлама барысында Мемлекет басшысы xалықтың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап берді. Соның ішінде «Президенттік креслодан шаршаған жоқсыз ба?» деген сауалға жауап берді .