Нақты сала саясатына «ұжымдық кабинет» емес, нақты министр жауапты болуы тиіс
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
«Саяси қызметкерлердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру мәселесіне басымдық беру керек.
Үкіметке тиесілі құзырлықтың бір бөлігін министрліктерге бөлу қажет – нақты бір сала саясатына «ұжымдық кабинет» емес, нақты бір министр жауапты болуы тиіс. Ал, Үкімет салааралық мәселелерді шешуге ден қояды», - деді Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Президент ашығын айтып, Үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатқанын сынға алған болатын.