Нальчик қаласында содырлармен қарулы қақтығыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Контртеррористтің шара режімі енгізілген Нальчик аудандарының бірінде қақтығыс болды, деп хабарлады ресейлік БАҚ Кабардино-Балкарияның құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Бұрын хабарланғандай, жеке үйлердің бірінен содырлар анықталды. Берілу талабы айтылғанда олар оқ ата бастаған. Қақтығыс салдарынан екі содыр қаза тапты.
Ұлттық терроризмге қарсы комитеті ТАСС агенттігіне үйде, болжам бойынша, бір содыр қалғанын хабарлады.