Намаз үйренудің жаңа үлгісі
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Жамағат жайын ойлап, Алла жолында аянбай қызмет етіп келе жатқан «Әзірет Сұлтан» мешіті бүгін тағы бір тағылымды шараның себепкері болды. Мешіт ішіне Ханафи мәзһабы бойынша намаз оқудың хадистермен дәлелденген үлгі-стенді орналастырылып, жиылған жамағаттың бірден көзайымына айналды.
Арнайы баспадан шығарылып, көрнекілігі көз тартатын бұндай стенді басқа мешіттерде жоқтығын айтқан жұртшылық мешіт ұжымына алғыстарын білдіріп, ризашылықпен қарап жатты. Намаздағы әрбір әрекетті атақты хадисші ғалымдардың хадистерінен дәлел келтіре отырып талдаған стенді Алла жолына бет бұрғандар үшін таптырмас құрал болатыны айқын. Бұл туралы muslim.kz хабарлады.