Намазға жығылу санын дәл есептейтін жайнамаз ойлап табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде жас өнертапқыш Эльдар Клычев ойлап тапқан намаз оқу кезінде сәждеге жығылу санын дәл көрсететін сенсорлы жайнамаз кеңінен таралуда, деп хабарлайды Computerra.
None
None

Ол Аллаға ниет қойған мұсылманның басын сәждеге қанша рет қойғанынан жаңылысып қалмауы үшін жасалған.

Жайнамаздың жоғарғы жағында сенсорлы пластиналар орнатылған. Құдайға құлшылық ететін мұсылман сол тұсқа маңдайын тигізген сәтте тұйықталу орын алып, жайнамаздың оң жақ жоғарғы бұрышындағы есептеуішке белгі беріледі. Сөйтіп, оның қанша рет иілгені көрініп тұрады.

Соңғы жаңалықтар