«Намыс» партиясын тіркеу мәселесі қаралып жатыр – Әділет министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Әділет министрлігінде «Намыс» партиясын тіркеу мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы вице-министр Алма Мұқанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің білуімше, қазір «Намыс» партиясын тіркеу мәселесі қарастырылып жатыр. Қазіргі таңда тіркелген 6 партия бар. Тағы бірнеше партияны тіркеу жұмыстары 2019 жылы басталғанын білесіздер. Бірақ құжаттарындағы кейбір сәйкессіздіктерге байланысты оларды тіркеу жұмыстары тоқтатылған болатын», - деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, ол Елбасы туралы конституциялық заң күшін жойса, Презиент туралы конституциялық заң экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тиісті кепілдіктер беретінін айтты.

«Бүкіл экс-президенттерді қамтитын норма тиісті конституциялық заңда бар. Елбасы туралы заң жобасы жойылса да, бізде Президент туралы конституциялық заң жобасында тиісті кепілдіктерді қамтитын нормалар бар», - деді Алма Мұқанова.


Соңғы жаңалықтар