Нан бағасын тұрақтандыру жөніндегі меморандумдардың шарттары тиісті деңгейде орындалмауда-А. Күрішбаев
/em>Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Нан бағасын тұрақтандыру жөнінде қол қойылған меморандумдардың шарттары тиісті деңгейде орындалмай жатыр.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев айтты.
Оның сөзіне қарағанда, қол қойылған меморандумдарға сәйкес, әкімдіктер қазан айында 223 мың тонна бидай алуға келісімшарт жасаулары қажет болатын. Алайда, қазіргі уақытта іс жүзінде 118 мың тоннаға ғана келісімшарттар жасалған. Ал, осы жасалған келісімшарттардың тек 45 мың тоннасына немесе 20 пайызына ғана ақша төленген. «Ал Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстары және Астана қаласы тұрақтандыру қорынан астықты әлі сатып алған жоқ. Нәтижесінде дәл осы аймақтарда нан бағасының көтерілуіне жол берілген», - деді А. Күрішбаев.