Нан қандағы қант деңгейін төмендетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Финляндия университетінің мамандары қара бидай мен бидай наны қандағы қант деңгейін төмендетеді деген пікір айтуда.
Ғалымдардың пайымдауынша, қара бидай мен бидай нанын күнделікті жеу ағзадағы қант деңгейін төмендетіп, инсулинге әсерін жақсартады, 2-ші деңгейлі қант диабеті ауруының алдын алады.
Ал ақ нанның пайдасы аз, деп жазады Meddaily. Оны пайдалану кезінде адамдарда ешқандай жақсару белгісі байқалмады, деп айтады ғалымдар.