Нан пісіру - емдеудің жаңа түрі
АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Ағылшын наубайханалары кісі емдеумен айналыса бастады. Мамандардың айтуынша, нан пісіру - терапияның бір түрі.
Мeddaily.ru-дың хабарлауынша, Ұлыбританияда психикалық кеселге шалдыққандар мен күйзеліске түскендерді нан пісіруді үйрете отырып емдеу науқаны басталған. Baking a Smile және Better Health Bakery наубайханалары томаға-тұйық адамдарды қоғамға бейімдеумен айналысса, Dough Devils кәсіпорны жұмысқа заң бұзушылар мен бұрын сотталғандарды қабылдап жатыр. Сомерсет графтығында тұратын коучер Пол Юд кейбір ата-аналарға, үй-күйі жоқ азаматтар мен қараусыз қалған балаларға нан пісіру бойынша семинарлар өткізеді. Наубайханашылардың пікірінше, нан пісіру адамның мінез-құлқын, ой-көзқарасын, көңіл күйін жақсартады, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.