НАНКИН-2014: Ауыр атлетшіміз қола жүлдеге қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ІІ Жазғы Олимпиада ойындарында спорттың пауэрлифтинг түрі бойынша 77 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жасұлан Қалиев жүлделі үшінші орын иемденді, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Қоссайыстың қорытындысы бойынша 310 келіні бағындырған Жасұлан Қалиев армян жігіті Хакоб Мктрчан (1 орын) мен үндіс Венкату Рагаладан (2 орын) кейінгі жүлделі үшінші орынға табан тіреді.

Айта кетейік, байрақты бәсекенің алғашқы күнінде дзюдошы Бауыржан Жауынтаев Қазақстан құрамасына алғашқы "алтынды" сыйлаған еді.

Соңғы жаңалықтар