НАНКИН-2014: Боксшы Абылайхан Жүсіпов финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарында финалға жолдама алды.
None
None

Жастар арасындағы әлем чемпионы Абылайхан Жүсіпов (60 кг) жартылай финалда венгр боксшысы Ричард Коннюді (Richard Konnyu) 3:0 есебімен жеңді.

Енді отандасымыз 27 тамызда өтетін финалда кубалық Алэйн Лимонта-Боудетпен (Alain Limonta Boudet) қолғап түйістіреді.

Бүгін, сондай-ақ, 49 келіге дейін және 81 келі салмақ дәрежесіндегі боксшылардың финалда өнер көрсететіндері анықталады. Ол орындарға қазақстандық қос боксшы Шалқар Айқынбай мен Вадим Казаков таласады.

Соңғы жаңалықтар